2022 жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төленетін төлемдер қалай өзгереді?

(0 Votes)

«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕТЖ мен АЕК-тің артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгереді» - деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалы.

Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3% - ын төлейді, бірақ 18 мың теңгеден аспайды.

Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2% - ын, бірақ 12 мың теңгеден аспайтын мөлшерде төлейтін болады.

Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар - ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 200 теңге төлейді.

Бірыңғай Жиынтық Төлем құрайды:

· қала тұрғындары үшін-1 АЕК немесе 3 063 теңге;

· ауыл тұрғындары үшін-0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.

Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 мың теңге төлейтін болады.

Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл 11 млн-нан астам адам. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521