1406 нөмірі арқылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты кез келген сұраққа жауап алуға болады.
Қоңыраулар Қазақстан бойынша кез келген телефоннан тегін. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
1406 нөмірі арқылы медициналық көмек мәселелері бойынша кеңес алуға, өтініш немесе шағым беруге, медициналық қызметтерге баға беруге болады.
Медсақтандыру жүйесі пилоттық режимде іске қосылған Қарағанды облысының тұрғындары осы бағыттағы сауалдарын төменде көрсетілген мекенжайда орналасқан азаматтарды қабылдау кабинетінен біле алады: Қарағанды қаласы, Ә. Әлиханов к-сі, 2. Телефон: 8 (7212) 604-483.
Мұндай кабинеттер 2020 жылдан бастап Қордың әр аймақтағы филиалында жұмыс істей бастайды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы