«Мемлекеттік грант иелену үшін шәкіртке ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыруына мүмкіндік беріледі» деп хабарлайды Atr.kz
Яғни, 15 сәуір – 30 маусым аралығында оқушылар мемлекеттік грантқа екі рет тест тапсыра алады. Және оқушы тест жауабын тестілеу кезінде бірнеше мәрте өзгерте алады. Бұл – әр шәкіртке беріліп отырған мүмкіндік» деді Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында.
Еске сала кетелік, тест тапсыруға шәкірттерге 4 сағат уақыт беріледі. Нәтиже компьютерден автоматты түрде шығады. Тестілеу барлығы 140 сұрақтан тұрады.