Мұғалім еңбегіне баға берілді

(0 Votes)

Доссордағы Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі мектебімізде өткен «Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында орыс тілі пәнін оқыту ерекшеліктері» аудандық семинарда Ж.Даулетбаеваның Талдықорған баспасынан шыққан «Практический русский язык» атты әдістемелік жинағының тұсаукесері өтті.

Бұл әдістемелік құрал жоғары сынып оқушыларын жаңа бағдарламамен дайындауда, ҰБТ-ға қажетті білімді меңгертуде таптырмас құрал. Бұл ғылыми еңбек аудандағы әріптестері тарапынан жоғары бағаланды. Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Индира Әміржанқызы, осы кабинеттің әдіскер маманы Жаннат Ғарифоллақызы және аудан мектептерінің орыс тілі мамандары қатысқан бұл семинарда Ж.Даулетбаева О.Сүлейменовтің «Волчата» тақырыбында 8 «в» сыныбында, Ж.Ихсанова «Загадочная цивилизация союзы» тақырыбына 6 «г» сыныбында, А.Жұмағалиева «Образ Хлестакова в камедий Гогля «Ревизор» тақырыбында ашық сабақтар өткізсе, семинардың басы Ж.Ихсанованың «Дарец радости» тренингімен басталып, соңы 11 «а» сынып оқушыларының көмегімен Ф.И.Тютчевтің туғанына 215 жыл толуына арналған әдеби кешпен қорытындыланды.

Семинарда сонымен қатар Ж.Даулетбаева 8 «в» сынып оқушылары Б.Жұлдыз «Волк-неотьемлемое животное дикой природы», Жеңісова Дамира «Образ Волка в баснях И. А. Крылов», Магауия Демирель «Образ Волка в литературе» тақырыбында презентация - жоба қорғады. Әрине, мұның бәрі ұстаздар еңбегінің бір көрінісі ғана. Ұстаз деген ұлы есімге лайық білімі мен ізденісін шыңдап, дәлелдей білген Ж.Дәулетбаеваның жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетістігі әріптестеріне үлгі.

Әлия ЖҰЛДЫЗБАЙҚЫЗЫ,

Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521