Бүгін Мақат кентіндегі Сүйеу Әлиев көшесіндегі №80/3 және №80/4 көп қабатты тұрғын үйлердің ауласындағы заманауи балалар ойын алаңы мен спорт алаңдары ашылды.



Ашылу салтанатына аудан әкімі Азамат Саматұлы арнайы қатысып, бұл нысан – балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын қалыптастыруына бағытталғандығын айтып, бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.
Әрі қарай, ойын алаңының лента қию рәсімі Мақат ауданының құрметті азаматтары Қонысалы Төлеуов пен Бақтығали Құрмановқа жолданып, әмбебап спорт алаңы халық игілігіне пайдалануға берілді.
Айта кетейік, бүгінде ауданда 45-ке жуық ойын алаңдары бар.
С.Бекарыс



