Бүгіннен бастап app.testcenter.kz сайтында педагогтердің білімін бағалауға өтініштерді қабылдау жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Педагогтердің білімін бағалау 3-22 сәуір аралығында өтеді.
Бұл тестілеуге:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
- білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);
- жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;
- білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;
- педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);
- педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер) қатыса алады.
Айта кетейік, педагогтердің білімін бағалау бұған дейін Ұлттық біліктілік тестілеу (ҰБТ(НКТ)) деп аталған.