Нұргүл – үздік бастауыш сынып мұғалімі

Нұргүл – үздік бастауыш сынып мұғалімі
(0 Votes)

Өткен аптаның жұма күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2024» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. 

Аталмыш байқаудың мақсаты – шығармашыл, талантты, ой-өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, кәсіби тұрғыдан жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау болды.

«Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2024» республикалық байқауының аудандық кезеңі ауданымызға қарасты білім беру ұйымдарынан бес мұғалім қатысып, тартысты бәсекелестік көрсетті.

Кәсіби шеберлік сынға түскен байқаудың қорытындысы бойынша I орынды Х.Санбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нұргүл Оразова иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Ал жүлделі II орын О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұмагүл Есешова, III орын Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің бастауыш сынып мұғалімі Әйгерім Серікқалиеваға бұйырды.

Ендеше аудан намысын облыстық кезеңде қорғайтын кәсіби мұғалімге сәттілік пен толағай табыс тілейміз!

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521