Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа 2021-2022 оқу жылына облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 6 сынып оқушыларын конкурстық іріктеу негізінде 7 сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды тапсыру науқаны жалғасуда.
Конкурстық іріктеуге ұсынылатын қажетті құжаттар тізімі мен қабылдау комиссиясына жазылудың тәртібі Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ресми сайтында: ATR.NIS.EDU.KZ ("Үміткерлерге" бөлімі, "Конкурстық іріктеу 2021-2022").
Құжаттар тізімі:
1. Үміткердің ЖСН нөмірі көрсетілген туу туралы куәлігінің көшірмесі;
2. Үміткердің ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәаландыратын құжаттардың көшірмесі;
3. Үміткердің 5 сыныпты ақятағаны туралы жылдық табельдің және 6 тоқсанның І/ІІ тоқсанын аяқтағаны туралы табельдердің көшірмесі; (табельде мектеп директорының қолы және мемлекеттік мөрі болуы қажет)
4. Үміткердің қабылдау комиссиясында жасалынған 3х4 форматындағы 1 дана электронды фотосы (түсіру тегін)
5. Құжаттарды сақтайтын пластикалық файл папкасы;
Құжаттар 2021 жылдың 23 қаңтарына дейін қабылданады.
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: дүйсенбі-сенбі сағат 09: 00-ден 18: 00-ге дейін (түскі үзіліс 12: 30-дан 13: 30-ға дейін). Жексенбі демалыс.
Қабылдау комиссиясына келгенде ата-аналар мен үміткерлерде бетперденің болуы және әлеуметтік ара-қашықтықты сақтауы талап етіледі. Вирустық инфекцияның алғашқы белгілерін байқасаңыз, қабылдау комиссиясына медициналық тексеруден кейін келуіңізді сұраймыз.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі