Қазақстан оқушылары географиядан халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

(0 Votes)

Ирландияның Дублин қаласында өткен IGeO-2024 география бойынша халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

 Оған әлемнің 50 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстан командасы 100% нәтиже көрсетіп, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды: Ақжол Болат — Талдыкорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы; Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы; Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы; Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы. Команда жетекшілері: Нұрлан Жұмагелді — «Дарын» РҒПО директордың орынбасары және Мақсат Аубакиров — «Дарын» РҒПО бөлім басшысы. Айта кетейік, IGeO олимпиадасы 1996 жылдан бастап Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен өткізіліп келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT