Ер ұстаздардың клубы құрылды

(0 Votes)

Жас келсе - іске. Таяуда ғана тағайындалған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айбол Долдашев бұл салаға білек сыбана кіріскен секілді. Басшының бастамасымен құрылған ер азаматтар клубы сөзімізге дәлел болардай. 

Аталмыш клубтың ашылу шарасында ауданның білім беру саласында еңбек ететін  20 мен 40 жас аралығындағы ер азаматтар аудандық жастар ресурстық орталығы ғимаратында бас қосты.

Алдымен клубтың атауы мен оның эмблемасы бекітілді. Әр істі байыбымен пайымдай білетін азаматтарымыздың клубына "Парасат" атауы берілді. Төрағасы ретінде А.Долдашев, орынбасары Д.Тастаев бірауыздан сайланды.

0fdea7ee-5d39-4377-987c-91dba01de5f0

Клубтың негізгі мақсаты қазіргі білім беру саласына ер азаматтарды тарту арқылы, осы салаға оң өзгерістер әкелу дейді білім беру бөліміндегілер. Айтуларынша, клуб мүшелерінің интеллектуалдық әлеуетіне, шығармашылық белсенділігіне сәйкес кәсіби өсуіне, мансаптық ілгерілеуіне ықпал ету де көзделген.

a0339c58-7425-4a35-ae7a-1140232c8ae5

Өз кезегінде сөз алған төраға А.Долдашев "Мақат ауданы бойынша педагогтарымыздың саны 683, оның 629-ы әйел педагогтар болса, 54-і ер педагогтар. Бұл дегеніміз, ерлердің үлесі ұстаздардың 8 пайызын ғана құрап отыр.

13da7fc7-9ad1-44c9-bfe8-d749ddcb0634

Ауданымыз өндірістік аудан болуын ескергенмен, ер педагогтардың 8 пайыз құрауы көңіл бөлерліктей жағдай. Мектептерде ер ұстаздардың көптеп болуы өзінен-өзі  көптеген мәселелердің оңды шешілуіне әсер етеді",-дейді.

Ендеше сөзден іске көшетін сәт келді. Істеріңіз берекелі болсын!

 

А.САДЫКОВ

Сурет автордан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521