Бурабайда кедергілермен жүгіруден халықаралық жазғы трейл жарысы өтіп жатыр

(0 Votes)

Ақмола облысының Бурабай курортында кедергілермен жүгірушілердің «Аqbura bay trail-3» жазғы трейл жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Экстремалды Атлетика» қоғамдық бірлестігі мен «Бурабай даму» серіктестігі бірлесіп, Үлкен және Кіші Шарбақты көлдерінде өткізіп жатқан жарысқа Қазақстан, Ресей, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Испания, Оңтүстік Корей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерден барлығы 700-ден астам спортшы қатысып, үш жас санаты бойынша бақ сынауда. Жүгіру 10, 23 және 49 км қашықтықтағы трейл форматында өтуде. Ережеге сай қатысушылар теңіз деңгейінен 500 метр биіктікке көтерілді және әртүрлі кедергілерден өтіп, төзімдерін сынап көруде. ««Аqbura bay trail-3» жазғы трейл жарысын Бурабайда осымен үшінші жыл қатарынан өткізіп отырмыз. Жылдан жылға қатысушылар саны артып келеді.

Бүгінгі жарысқа 700 астам адам қатысып отыр. Қатысушылар жарыс жолында кедергілерді бағындыру арқылы қоршаған табиғаттың керемет көріністерін тамашалай алады. Ұйымдастырушы ретінде биыл көптеген қызықты тосын сыйлар дайындап, жарысты жоғары деңгейде өткізіп отырмыз», - дейді «Аqbura bay trail-3» жазғы трейл жарысының ұйымдастырушысы Павел Тенцер.

Сондай-ақ 500 м және 1 км дистанцияға балалар шеберлік байқасатын болады. Сонымен қатар іс-шарада демеушілер тарапынан естелік сыйлықтар ұтысы ойнатылады. Барлық қатысушыларға медальдар мен іс-шараның символикасы бар футболкалар үлестірілмек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT