Білікті маманға орын бар

(0 Votes)

Ауыл шаруашылығы министрінің қолдауымен 2009 жылдан бастап “Дипломмен – ауылға” жобасы қолға алынды.

Мақсат – жұмыссыз жүрген мамандарды елді мекендерге жұмысқа орналастырып, ауылдың жағдайын көтеру болатын. Қолына дипломын алған жас маманның кез келгені еңбек жолын қаладан бастағысы келеді. Бірақ, бәріне бірдей жұмыс табыла бермесі анық. Сондықтан жастар үшін бұл бағдарлама үлкен жолдама таптырмас мүмкіндік, көмек.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдауды мақсатты пайдаланып, ауылдың көркеюіне ат салысып, белсенді қоғам мүшелері болып, жемісін көріп жүрген жастар ауданымызда аз емес.

2018 жылы 8 маманға (5-уі білім беру және 3-і денсаулық сақтау саласы) көтерме жәрдемақы берілді. 2 маманға (2 білім беру саласы) тұрғын үй сатып алуға несие берілді. Жалпы, 2009-2018 жылдар аралығында 103 маманға көтерме жәрдемақы және 51 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді. Егер мамандар білікті де білімді, әрі өз ісінің шебері болса қоғамда абыройлы, сыйлы болары сөзсіз.

С.САРБАЛИЕВА,

аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521