Аптаның бейсенбісінде Атырау Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің Мақат ауданы бойынша өкілі К.Алишева Сабыр Шарипов Атындағы Доссор мектеп-интернатының жазғы сауықтыру "Балдәурен" лагеріне мониторинг жүргізді.
Лагерь екі ауысымға бөлінген. 50 баланы қамтыған бірінші ауысым 1-15 маусым аралығында болды. Дәл осындай бала санымен Екінші ауысым 16-30 маусым аралығында болады деп күтілуде. Лагерь 3 мезгілдік тамақтанумен қамтылған, әр балаға күніне 1000 тг бөлінген. 2 кезең бойынша қабылданған балалар саны 100.
“Бақылау нәтижесі ойдағыдай, балаларға жақсы жағдай жасалған бәрі санитарлық талаптарға сай.
Балалар да өз ризашылықтарын білдіріп жатыр, олар облыстық, аудандық білім беру бөлімдеріне, мектеп-интернатқа осындай есте қаларлықтай жаздық демалыс өткізуге мүмкіндік беріп, қызықты ойындар, спорттық шаралар өткізіп, ой-өрістерін дамытып достары мен тәрбиешілерімен ең қызықты сәттерінің өтіп жатқанына риза”,-дейді К.Әділбекқызы.
А.САДЫКОВ