Екі күнге созылған медиа лагерь аясында оқушыларға журналистика, SMM және РR, мобилография, графикалық дизайн негіздері туралы тренингтер ұйымдастырылды.
Шығармашылық бағыттағы лагерь туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Telegram-каналында жариялады.
“Оқушыларды қазіргі еңбек нарығында ең көп сұранысқа ие шығармашылық бағыттағы мамандықтарға баулу мақсатында «Atyrau Bilim Media» жобасы іске қосылған болатын. Қала бойынша іріктеліп алынған 10 мектептің 8-11 сынып оқушылары қамтылып отырған жоба аясында шәкірттер заманауи мамандықтардың дағдыларын игеруде”- деп жазды ол.
Н.Насыр