Атырау мектептерінде «алғашқы қоңырау» бірінші сынып оқушылары үшін соғылады

(0 Votes)

Салтанатты іс-шара 1 қыркүйекте Атырау облысының барлық мектептерінде өтеді.

Оған бірінші сынып оқушылары қатысады, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл туралы онлайн брифингте облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова айтты.

- Биыл облыста 135 мыңға жуық мектеп оқушысы офлайн форматта оқиды. Оның 14 241 -і бірінші сынып оқушылары. Мектептердегі іс-шара тек бірінші сынып оқушыларының қатысуымен ашық аспан астында өткізіледі. Аталған іс-шарада «Әліппе» табысталады. Сондай-ақ, алғашқы қоңырауға ата -ананың біреуі ғана қатыса алады», - дейді Айнагүл Дүйсекенова.

Айта кетейік, биыл бірінші сыныпқа өткен оқушылардың 98%-ы Egov.kz порталы арқылы құжат тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT