Жақында Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған «Үздік әдіскер-2025» облыстық байқауы өтті.
Бұл байқау әдіскерлердің кәсіби шеберлігін шыңдау мен тәжірибе алмасуды мақсат етті.
Аталмыш байқау 3 кезең бойынша, яғни, Unpacking: «Әдістемелік қызмет»- TEDx форматында мемлекеттік білім беру саясатын өңірлік деңгейде тиімді іске асыру, білім сапасын арттыру және әдістемелік қызметті ұйымдастыру бағытындағы әдіскерлік идеясын ұсыну, жоба қорғау және «Әдіскердің білімін бағалау»- тестілеу кезеңі мен «Talk Like» - сабаққа кері байланыс беру, талдау кезеңдерінен тұрып, әдіскерлер өз шеберліктерін көрсете білді.
Облыстық байқау қорытындысы бойынша III дәрежелі дипломмен аудандық білім бөлімінің талантты және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі әдіскері Арайлым Мұстафина марапатталды.
"МТ"