Абзал азаматтық жасады

(0 Votes)

Мақат кентіндегі Х.Санбаев атындағы орта мектебінде дәстүрлі «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі А.Х.Самаликова атындағы оқушылар арасында математикадан олимпиада өтті.

Жеңімпаз оқушыларды құттықтаған ұстаздың ұлы елге танымал азамат аудандық мәслихат депутаты Абзал-Сенбі Самаликов арнайы дайындаған сый-сыяпатымен марапаттады.

Сонымен бірге А.Самаликов өткен жылы аталмыш мектепте ауданда тұңғыш рет ұстаз есімімен ашылған сыныпқа жиһаз сыйлады. - Адамның адамшылдығы – жақсы ұстаздан. Мұғалім тәрбиесі мен өнегесі – оқушының болашақ азығы.

Бүгінгі құрметіңізді, ілтипатыңызды анаңызға ғана емес, елдің болашағына жасаған қамқорлығыңыз деп ұғамыз, - деген мектеп басшысы Нұрия Мендалиева Алғыс күні қарсаңындағы сыйға зор алғысын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521