53 оқушы ұйымға қабылданды

(0 Votes)

Қазақ елі үшін ең басты мереке боп ерекше ұлықталатын Тәуелсіздік күніне орай С.Шарипов атындағы мектеп-интернатында «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымының қатарына қабылдау салтанаты өтті.

Өскелең ұрпақты өз елінің патриоты болуға, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуге, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгісі мен ертеңгісін, Отанның тарихын бес саусақтай білуге, білімге деген құштарлықты биіктетуге баулу мақсатындағы шарада мемлекеттік әнұранға құрмет көрсетіліп, «Жас Ұлан» ұйымының туы кіргізілді.

Жас патриоттар өз туған жерін сүюге және құрметтеуге, үлкендерге құрмет көрсету, білімге ұмтылуға, салауатты өмір салтын сақтауға, табиғатты сақтауға және осы антты ешқашан бұзбауға ант берді. Шара барысында мектепте білімдерімен ерекшеленген және қоғамдық шараларда белсенділік танытқан 2-6 сыныптар арасынан 23 оқушы «Жас Ұлан» және 30 оқушы «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Галстук пен төсбелгіні салтанатты түрде рәсімдеген ардагер ұстаз Есенжан Төлешқалиев және білім ордасының білікті ұстаздарына жолданды.

«Сіздерге бүгін үлкен жауапкершілік артылып отыр. Еліміздің болашағы сіздерсіздер. Сондықтан «Жас Ұлан» деген атты үлкен абыроймен алып жүрулеріңіз керек, себебі оның қатарына тек ең белсенді және білімді оқушылар алынады», - деді өз құттықтауында мектеп директоры Бақтыгүл Иванқызы. Шара соңында ұйымға қабылданушылар «Жас Ұланның» гимінін шырқап, флешмоб биледі. Бүгінгі ұйым мүшелері, ертенгі Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің болашағы болады деп сенім артамыз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521