Ауданда әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрін жою туралы БҰҰ Конвенциясының ережесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 25 қарашасынан бастап республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы өтуде.
Аталмыш акцияның басты мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықты болдырмауға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамда отбасы құндылықты насихаттауға бағытталған және мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы кеңінен халыққа таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Акцияға аясында жергілікті құқық қорғау өкілдері мен Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері бірлесіп халықты ақпараттандыру мақсатында аудан тұрғындарына жадынамалар таратып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, аталған акция 10 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.