«Жарсуат» - үздік театр

(0 Votes)

Бүгін ауданның 100 жылдығы аясында Мақат аудандық мәдениет үйі жанындағы «Халықтық» атағы бар театр ұжымының 15 жылдығына орай «Театр – ғажайып әлем» атты облыстық театрлар байқауы өз мәресіне жетті.

 Екі күнге созылған аталмыш байқауда облыстың түкпір-түкпірінен жиналған халықтық театрлар өзара бақ сынап, әртүрлі шығармалар желісінде дайындалған сегіз қойылымды көпшілік назарына ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша, қарсыластарынан оқ бойы оза шапқан Индер ауданының «Жарсуат» халықтық театры бас жүлдеге ие болды.

Аудан әкімінің арнайы жүлдесі Атырау қаласының «Орыс» театрына бұйырды.

Одан өзге, көрерменге тұщымды ой мен әсерлі қойылым көрсете білген Индер ауданының Есенжол Домбаев атындағы халықтық театры І орынды иеленді.

Ал Мақат мәдениет үйінің «Халықтық» театры ІІ орынға табан тіресе, Қызылқоға ауданы «Самал» мәдениет үйі» халықтық театры және Атырау қаласы «Амангелді» халықтық театры ІІІ орынды қанағат тұтты.

Сонымен қатар, Махамбет ауданы, Алға ауылдық мәдениет үйінің «Алға» халықтық театры және Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округі жанынан құралған «Аққыстау» театры аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Одан өзге шара барысында Г.Шаукерова «Ең үздік әйел адам», Ә.Кәрім «Ең үздік ер адам», М.Қалдығарин «Ең үздік жас актер», А.Бейбітов «Ең үздік режиссер» номинацияларына ие болды.

Шара соңында барлық қатысушы халықтық театрлар қаржылай сертификатпен марапатталды.

Ботакөз Асхатқызы

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT