Диагностикалық медициналық кешен сайлау учаскелерін аралап, дауыс берушілердің қан қысымын және қант мөлшерін өлшеп, медициналық көмек көрсетуде.
Медбике Айгүл Жанасованың айтуынша олар таңертеңгі сағат 9:00-ден бастап, тұрғындарға медициналық тексеріс жүргізуде. Үш медбикеден құралған арнайы топ түске дейін 20-ға жуық тұрғынды қабылдаған.
“Өз сайлау учаскемде таңдауымды жасап шықтым. Жылжымалы медициналық кешенді көріп, денсаулығымды тексертіп алып жатырмын. Мұнда медбикелер жылы қабылдап, артериялық қан қысымымды және глюкометриялық қант мөлшерін тексеріп, денсаулығым қалыпты екенін айтты”,- дейді сайлаушы Бақтыгерей Елемесов.
М.Ізтұрғанова