Жеңілді іздеген жұмыс таппайды

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өтті.

Аудандық филиал төрағасының орынбасары Әсима Мендалиеваның төралқалығымен ұйымдастырылған акцияға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Азамат Шаңғалаев, жұмыспен қамту орталығы мамандары қатысып, жұмыс беруші мекемелердің өкілдері қатысты. Акцияның мақсаты «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруды көздеді.

Жұмыс іздеуші азаматтарға акцияның мақсатын түсіндірген Ә.Мендалиева еңбекке ынталы азаматтар үшін мемлекеттік бағдарламаның қолдауы аясында еңбек нарығы қажеттілігін есепке ала отырып, техникалық және кәсіби мамандарды дайындау бағыттарына тоқталды. Атап айтсақ, «Сәтті қадам» партиялық жобасының қолдаулары туралы кеңінен әңгімеледі. Партия тарапынан жергілікті жердегі жұмыссыздар санын зерделеп, оларды жұмысқа тарту, орналастыруға ықпал жасау мақсатындағы қадамдарын түсіндіріп, жұмыс сұрап келушілердің өтініштерін тыңдады.

Жыл басынан бері партия ықпалымен 5 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасса, 31-і маусымдық жоспар шеңберінде қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал жасалды. Жиын барысында А.Шаңғалаев нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бағыттарына сай өз кәсібін ашуға ниет білдірушілерге, пайыздық мөлшері қолжетімді несие қорын алуға, тегін оқу курстарын оқуына мүмкіншіліктерін жадылады. Жұмысқа қабылдау акциясына жұмыс беруші 4 мекеме қатысып, 25 азамат жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп келді. Тарқатып айтсақ, «КМГ Нэйборс Дриллинг Компани» ЖШС, «Nexus Kazakhstan» ЖШС, «Capital Complex Catering» ЖШС және «Болашақ» балабақшасы өкілдері бос жұмыс орындарына жұмысшы, мамандықтарға түйіндемелер қабылдады. Мамандардың айтуынша өтініш білдірушілердің басым бөлігі жұмыс беруші «Capital Complex Catering» ЖШС мекемесінің талабына сай қойма маңындағы түрлі жұмыстарды қалады. Жұмыс беруші мекемелер алдағы уақытта түйіндемелерді саралап, жұмысқа қабылдау туралы шешімдерін жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы хабарлайтын болады.

Л.НҰРБАЕВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521