Салақ адамға жұқпалы ауру үйір

(0 Votes)

Жаз мезгілі – ішек жұқпалы ауруларының күшейетін мезгілі. Оның ішінде фекалді-оралді жолмен таралатын дизентерия ауруы.

Аурудың қоздырғышы - шигелла (Shigella) бактериялары кеңінен таралған. Аурудың негізгі көзі белгісіз тасымалдаушы немесе науқас адам болып табылады. Дизентерияның жасырын немесе жеңіл формасы бар науқастар, сондай-ақ, қоғамдық тамақтану мекемелерінде және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдар эпидемиологиялық қауіп төндіреді. Қоздырғыш жұқтырылғаннан кейін тасымалдаушының немесе науқас адамның ағзасынан 10 күн ішінде бөлінеді. Содан соң сауығу кезеңі басталады. Ол кезде ауру тудыратын микроағзалардың бөлінуі мүмкін (осылайша, жеке жағдайда бірнеше ай бойы жалғасуы мүмкін). Тамақ және сүт кәсіпорындарында аса қауіпті жұғу көзі адам болып табылады, сондықтан жұмысқа қабылдау кезінде зертханалық диагностика жүргізілуі тиіс. Одан әрі жұмыс жасау барысында тексеру жоспарлы түрде өтуі тиіс. Адамның дизентерияның қоздырғыштарымен негізгі жұқтырылу жолы – фекалді-оралді. Жиі микроағзалар адамның ішегіне қолда қалатын, жуылмаған көкөністердегі, жемістердегі, аскөк пен жидектердегі ласпен бірге енеді.

Дизентерияның алдын алу шаралары өте қарапайым және жеке гигиена ережелерін сақтаудан тұрады. Базардан немесе супермаркеттен сатып алынған аскөк, жемістер, көкөністер пайдаланар алдында міндетті түрде ағынды суда мұқият жуылуы тиіс. Суды табиғи су қоймаларынан пайдалануға қатаң тыйым салынады. Егер үйіңіздегі краныңыздан аққан құбыр судың тазалығы күмән тудырса, қолданар алдында оны қайнатқан жөн. Дизентерия – өте жұқпалы ауру. Бірақ оның алдын алуға әркімнің мүмкіндігі бар. Жеке гигиена ережелеріне немқұрайлы қарамаңыз, өзіңізге және өз денсаулығыңызға мұқият болыңыз, сонда ғана Сіз осы жағымсыз ауруға шалдықпайсыз.

М.ХАЛЕЛОВА,

«Ұлттық сараптама орталығы» аудандық бөлімшесі бактериологиялық зертхана зертханашысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521