Саябақ батыр атына берілмек

(0 Votes)

Өткен аптада Доссор кентінің әкімі Ербол Ермағамбетов «Бірлік» ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде саябақ алаңқайын қайта қалпына келтіру және саябаққа Жақсыбай Қазанғапов есімін беру туралы мәселе көтерілді. Жақсыбай Бисенбайұлы-Ауған соғысында ерлікпен құрбан болған жауынгер. Ол 1967 жылы Доссор кентінде жұмысшылар жанұясында дүниеге келді. Абай атындағы қазақ орта мектебінде білім алған. Мектепті ойдағыдай аяқтаған соң, Жақсыбай автокөлік жөндеу зауытында еңбек етеді. Кейіннен әскер қатарына шақырылып, Ауған Демократиялық Республикасындағы Кандагар қаласына түседі. Әскери борышын өтеу барысында сұрапыл соғыс басталып, ерлікпен қаза табады. Жақсыбай ауған соғысында мерген қызметін атқарған болатын. Иә, аз ғана ғұмыр кешіп, артына өшпес ерлік ізін қалдырған батырдың өмір парағы осындай.

Жиын барысында Жақсыбайдың есімін мәңгі есте қалдыру үшін және оның ерлігін ұрпаққа үлгі ету мақсатында өзі өмір сүрген ауылында, өзі ойнаған саябаққа оның есімін беру туралы мәселе көтеріліп, оны баршасы қолдады. Қазірдің өзінде саябақ жылдың кез келген мезгілінде көрікті. Ауыл тұрғындары түрлі ағаштар егіп, көгалдандырған. Соның нәтижесінде, саябақтың өзіндік көрінісі айрықша көз тартады. Енді саябақтың қоршауы жаңартылып, абаттандырылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Яғни, серуендеп, демалуға келгендерге мейілінше қолайлы жағдай жасалатын болады. Сөйтіп, ауыл тұрғындарының сүйікті орнына айналдыруға барша тұрғындар құлықты.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521