Жартылай стационар 8 сағатқа көшірілді

(0 Votes)

Ауданда өткен жылы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталығы ашылып, «Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі психоневрологиялық ауытқулары бар, тірек қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіле бастаған болатын.

Аудандық емхана ғимаратынан орын берілген әлеуметтік нысанға бюджеттен 18 млн. теңге қаржы бөлініп, бөлімшеде 8 қызметкер еңбекпен қамтылды.

Облыс әкімінің тапсырмасымен жартылай стационарлық ұйымның қызмет көрсету уақыты енді 8 сағатқа белгіленіп, ата-аналар үшін жұмыс уақытында балаларын сенімді қолға табыстаудың мүмкіндігі туды. Бөлімшеге қолдау көрсетіп, балалардың жағдайымен танысуға барған аудан әкімі Жұмабай Қарағаев ата-аналардың қуанышымен бөлісті.

Арнаулы әлеуметтік қызметің 7 түрін қолға алған мекемеде тұрмыстық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық қызмет түрлерін көрсетуде. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі баланың жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мұнда 22 бала қатынап жүр. Медбике-диетолг маман балалардың диогноздарына сәйкес медициналық көмек көрсетіп, күнделікті тағам сапасына да жіті мән беруде.

Л.НҰРБАЕВА,

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521