Жаңа кеңесші сайланды

(0 Votes)

Аудан әкімі Ш.Кейкиннің өкімімен аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып Күлпаш Әлішова тағайындалды.

Күлпаш Әділбекқызы 1960 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді Қырғызстанның Ош қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бастауыш сынып оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша оқыған. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын мектепке дейінгі педагогика және психология мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980-1985 жылы Қырғыз ССР-і, Кара-Куль қалалық №5 балабақшасында тәрбиеші болып бастаған. 1985-1987 жылдары аралығында аудандағы №54 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі, 1987-2019 жылдары аталмыш балабақшаның меңгерушісі қызметін атқарып, зейнеткерлікке шыққан.

Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521