ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралған болатын.
Дүйсенбіден бастап карантин шаралары кезең-кезең алынғанымен кейбір шектеу шараларының қала беретіндігі белгілі. Бұл дұрыс та. Халықты қажетті тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ету үшін кейбір кәсіпкерлік нысандар жұмысын бастайды. Алайда сенбі және жексенбі күндері карантин шаралары қолданыста болатындығы айтылды. Мұның барлығы да корнавирус індетінің қайтадан өршіп кетпеуі үшін аса маңызды.
Иә, еліміздегі эпидемиалогиялық ақуал тұрақталып келеді. Дегенмен қауіп әлі де болса сейілген жоқ. Сондықтан босаңсуға болмайды. Осыдан үш ай бұрын қандай жағдай да едік. Басында аурудың бар жоғына сенбей, жағдайды ушықтырып алған болатынбыз. Кейін, таныстармыз, ет-жақындарымыз бұл аты жаман аурудың құрбаны болғаннан кейін ғана өз-өзімізді қоғауға тырыстық.
Иә, індеттің беті қайтып, вирусқа шалдыққандардың саны азайып келе жатыр. Дей тұрғанмен осы күнге дейін ауданымызда 260-тан аса адамның ауырғаны белгілі.
Коронавирус індетіне қатысты статистикалық деректер бізде де, әлемде де әлі күнге тұрақсыздық танытып тұр. Сондықтан “сақтансаң, сақтаймын” демекші ендігі уақытта халық өзін-өзі оқшаулаудан өзін-өзі қорғауға көшуі қажет! Жақындарымызға жанашыр болайық!
Бұл қиыншылықты да еңсеріп, еліміз індеттен толық айығып, қалыпты өмірімізге оралатынымызға сенімдімін.
Мамандар түрлі болжамдар жасағанымен, жұқпалы індеттің нақты қай уақытта тоқтайтынын дөп басып айта алмай отыр. Сондықтан бізге әлі арқаны кеңге салатын кез келген жоқ, тәртіпке бағынып, сақтық шараларын естен шығармайық.
Әсел Қаржауова,
“Нұр-Отан” партиясы Мақат аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары