17.08.2020 жылғы 07:00 уақыттағы жедел ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы энергия мекемелерінде болған технологиялық бұзушылықтар,т.б. жағдай бойынша Атырау аймағындағы жылуэлектр орталықтарында:
1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 8 қазандық агрегаты, 8 турбина агрегаты жұмыс істейді (қорда - 5қазандық, 2 турбина агрегаттары бар; 1 қазандық және 1 турбина агрегаттары жоспарлы жөндеуде). Қолда бар электрэнергиясының қуаты 342 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 203 МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 2244600 м3. «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 5984,7 тонна).
2. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 5 қазандық агрегаты, 3турбина агрегаты жұмыс істейді (2 қазандық, 1 турбина агрегаттары қорда тұр). Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 18,4 МВт. Тәулікте жұмсалған газ шығыны 309619 м3. Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10 күнге 1270 тонна).
3. «Қашаған» электрстанциясында 5 турбина агрегаты жұмыс істейді. (1 турбина агрегаты резервте, 2турбина агрегаттары жоспарлы жөндеуде тұр). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 311,56 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 132 МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 886308 м3.
4. «ТШО» электрстанциясында 8 турбина агрегаты жұмыс істейді. №6,5 турбина агрегаты жөндеуде тұр. Қолжетімді электр энергиясының қуаты 472 МВт. Сұраныс бойынша генерациясы 201 МВт құрайды.
Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.
Ж.М.АЙТКАЗИЕВ,
ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық Департаментінің басшысы