Сары ала таңмен ел ертеңі үшін өз таңдауын жасап, дауыс беруге асыққан аудан тұрғындарының саны жетерлік. Солардың бірі зейнеткер Күлән Бисенбаева.
Ол болашақ үшін шешім қабылдап, дауыс бергенін жеткізді.
“Мен мемлекет үшін, болашақ жастар үшін қабылданар шешімге байыппен, аса жауаптылықпен қарап өз таңдауымды жасадым”,- дейді зейнеткер.
Айта кетейік, дауыс беру кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.
Ботакөз Асхатқызы
Сурет автордікі