Қызғалдақ бәрінен алда болды

(0 Votes)

М.Баймұханов атындағы орта мектепте 4-сыныптықтар арасында 8 нау-рыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған "Ал, қане қыздар" атты сайыс өтті.

Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамытуды мақсат еткен сайысқа "Қызғалдақ", "Ақ гүлдер", "Раушан", "Бәйшешек" топтары қатысып, бақтарын сынады.

8 бөлімді қамтыған сайыста І.Терекбай, А.Досқали сынды оқушылар ерекше танылды. "Қолөнер" бөліміндегі Терекбай Інжудің дайындаған "Құмырадағы гүл" кестесі көздің жауын алады.

Жарыс қорытындысы бойынша 3-орынды "Ақгүлдер" тобы, 2-орынды "Бәйшешек" пен "Раушан" топтары өзара бөлісті. 1-орынды "Қызғалдақ" тобы иеленді.

Ғ.ҚҰБЫЛОВА,

денешынықтыру пәні мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521