Ризашылық – мейірімділік бұлағы

(0 Votes)

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялады.

Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Осыған орай «Шапағат» шипажай-бөбекжай балабақшасында «Ризашылық – мейірімділік бұлағы!» атты мерекелік шара өтті.

Алғыс айту мақсатында ауданның құрметті ардагерлері шақырылды. Қонақтарға арнап балабақша тәрбиешісі С.Есениязова «Анашым» туралы ән шырқаса, бүлдіршіндеріміз мың бұрала би билеп, ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Ардагерлер бүлдіршіндердің өнерлеріне тәнті болып, өз ризашылық сезімдерін білдіріп, баталарын берді.

А.ТӨЛЕКБАЕВА,

әдіскер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521