Ынтымақ берекеге бастайды

(0 Votes)

Аудан басшысы ұйымшылдықпен өткен шараға оң баға беріп, алғысын білдірді.

Тақырыпты тарқатар болсақ, өткен аптаның жұмасы күні Мақат кентінің орталық алаңында мұнай мен газ кешені қызметкерлерінің мерекесі құрметіне эстрада жұлдыздары ерлі-зайыпты әнші, продюсер, Қазақстан жастар одағы сыйлығының және «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Қыдырәлі Болманов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдинаның концерті өткенін білеміз. Жұлдыздардың ауданға сапарына мүмкіндік туғызған- «Ембімұнайгаз» АҚ-ы басшылығы және аудан басшылығы болатын. Ашық аспан астында сүйікті әншілерінің өнерін тамашалаған халық разы көңілмен тарқасты. Осы ретте концерттің ұйымдастырылуы, өтуі, көпшілік жиналған орындағы тәртіп мәселесі –көзге көрінбейтін, бірақ халық сынына көбірек ұшырайтын машақаты жетерлік шаруалар. Сондықтан, бұл шаруаларды үйлестіре білу-жауапты қызметкерлерге ғана міндеттеледі. Бүгін аудан әкімі Жұмабай Қарағаев ортақ іске жұмылып, жауапкершілікпен міндеттерін атқарған бір топ еңбеккерлерді қабылдап, алғыс хатын табыстады. -Игі іске ұйытқы бола білу бірлігі жарасты ұжымның ғана қолынан келеді. Ең әуелі, «Ембімұнайгаз» АҚ-ы басшылығына алғысымды білдіремін. Сонымен бірге, шара барысында өз қызметтеріңізді жауапкершілікпен атқарғандарыңыз үшін баршаңызға алғыс білдіремін,-деді аудан басшысы. Алғыс алған қызметкерлерге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов, қоғамдық кеңестің төрағасы Ерғазы Жоламанов аудан халқы атынан алғысын білдірді.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521