Бүгінде жан-жақты саяси жаңғыру процесі жүйелі түрде жүруде. Президенттің былтыр наурыз айындағы Жолдауында оның бағыт-бағдары айқындалған болатын. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басып, ауқымды реформалар жүзеге асты.
Халқымыз референдумда Ата Заңға өзгерістер енгізуді қолдап, дауыс берді. Ұлттық құрылтайда маңызды мәселелер талқыланып, ел бірлігін нығайтатын тұжырымдар ұсынылды. Парламент пен мәслихаттарды жасақтау тәртібі өзгеріп, Конституциялық Сот құрылды. Президент және Сенат сайлауы өтті.
Міне, күні кеше осы саяси реформалар ҚР Парламенті ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауымен жалғасты.
Бұған дейін аудандық мәслихаттың VIІ шақырылымының депутаты болдым. Депутат атанған жарты жыл ғана уақытта менің жоспарларымның толық жүзеге асуына мүмкіндік болмады. Сондықтан да кері бағымды сынап көруге бел байладым. Егер халқым қолдап жатырса әрине бірлесе жұмыс жасап, бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын.
Менің сайлауалды бағдарламам да көтерген мәселелерімнің ішінде бұл күні шешімін күткендері мен шешілу үстінде тұрғандары бар. Бірінші кезекте соларды қолға аламын. Басты міндетім - ел сенімінен шығып, үмітін ақтау. Бар мүмкіндігімше елге қызмет ету. Алдағы уақытта елмен қоян-қолтық араласып, алдымызға қойған межелерге бірге жетіп, сайлауалды бағдарламамды жүзеге асыруға жұмыстанамын. Биылғы өткен сайлау жаңаша өмір сүруге бетбұрыс, халықтың жанайқайына құлақ түру, халық қалаулыларын халықтың таңдауына мүмкіндік беру болды.
Сондықтан жерлестеріме әр нәрсеге, бастамаға күмәнмен қарауды қойып, ертеңгі жарқын болашағымыз өз қолымызда екендігін айтқым келеді.
Әділбек Нұрманов,
аудандық мәслихат депутатына үміткер