Қуанышевтар 75 баланы қуантты

(0 Votes)

Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында Аяз атаның сыйлығын дайындап, балаларды қуантуды дәстүрге айналдырған «Болашақ» сауда үйінің иелері, жеке кәсіпкер Саламат пен Мейрамгүл Қуанышевтар биыл да осы үрдісін ұстанды.

Қашанда сауапты істің жанынан табылып, тапқан несібелерін көппен бөлісуді ұмыт қалдырмайтын жандар 75 балаға ертеңгілік ұйымдастырды.

Жергілікті әкімдікпен кеңесе отырып, аудандағы мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған балаларға қол ұшын беру мақсатымен аудандық мәдениет үйінде жаңа жылдық кеш бағдарламасына демеушілік жасады.

Әсем безендірілген жасыл шыршаны айнала ән салып, би билеген балалар мерекелік костюм киіп, әсем әуен ырғағымен көңілдерін көтерді. Ойын ойнап, Аяз ата мен қарша қызға жаттап келген тақпақтарын айтты. Өнерпаздардың мерейін өсіріп, мерекелік сыйлық толы дорбасын асынған Аяз ата тарту-сыйларын ұсынды.

Ертегі кейіпкерлерін сомдаған шырша қонақтары балаларға мазмұнды қойылымдармен тәнті етсе, сиқырлы таяғын ойната жұмбақтар жасырып, тапқырлық танытқан жеңімпаздарға марапаттарын табыстады.

Мерекелік шараның демеушілері әр балаға тәттілер толы сыйлықтарын таратып, әр баланың ерекше көңіл-күймен қуанып қайтуына мүмкіндік жасады.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521