Теміржолға төгілген тер

(0 Votes)

Мұнайлы өлке тарихында темір жол саласы қызметінің алатын орны ерекше. Мұнайлы өңірді орталықпен темір жол қатынасы арқылы байланыстыру мәселесі осы өңірдің жер қойнауында жатқан қазынасын игерумен қатар қойылған-ды. 1912-1917 жылдары Ракөштен Ескене-Доссор арқылы Мақатқа дейін темір жол салу жоспарланған («ПРОЕКТЪ ЖЕЛЕЗНОЙ ДОРОГИ РАКУША-ИСКИНЭ-ДОССОРЪ-МАКАТЪ.». Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архиві, қор-457).

Теміржол құрылысын жеделдетуде Гурьев уездік және Доссор аудандық атқару комитеттерінің рөлі ерекше болды. Олардың мәжілістерінде жол құрылысы мәселесі жиі қаралып, тиянақты шешімдер қабылданды. Белгіленген шаралар батыл жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде құрылыс қарқын ала бастады. 1925 жылы шілде айында құрылыста барлығы 255 адам еңбек етсе, тамызда олардың саны 545-ке, қыркүйекте 980-ге жетті.

Гурьев-Доссор тартабанды темір жол құрылысының тез аяқталуына өнеркәсіп орындары үлес қосты. Коломенск және Луганск зауыттары паровоз, Октябрь және Москва-Курск темір жол бөлімшелері вагон, Брянск мен Екатеринбург зауыттары рельс жіберді. Трасса бойында телефон-телеграф желілері қатар салынды.

Бүкіл жұмыс қол күшімен атқарылды. Құрал-жабдықтан күрек пен тәшке, шеге мен балға болды. Соған қарамастан жолшылардың ерен еңбегі нәтижесінде Гурьев-Доссор тартабанды темір жолы 1926 жылы 18 желтоқсанда пайдалануға берілді. Жол бойында ірі үш станса (Гурьев, Қарабатан, Доссор) үш разъезд (Сокол базары, Первомайск (Ескене) (Даңғар) іске қосылды.

Толығырақ газетіміздің №14 санынан оқисыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521