Тасымал қызметінің толағай табысы

(0 Votes)

Мақат стансасының төңірегінде теміржол саласы бірнеше бағытқа бөлінеді.

Атап айтсақ, Атырау қаласы, Қандыағаш, Бейнеу аудандарына жүк қабылдау-жөнелтуді іске асыру жағынан әлеуметтік мәнге ие тораптық жол. Мекеме қызметі 1938 жылы 20 қыркүйекте ашылған, қазіргі таңда бірінші класты телім саналады.

Темiржол стансасында жолаушыларды, жүк және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру және табыстау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру тасымалдаушылардың тең дәрежеде қол жеткiзуiн қамтамасыз етеді. Темiржол стансалары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай қабылдау-жөнелту, дөңес алды және сұрыптау парктері болып қызмет атқарады. Бекетте вагондардың толық тексерілуі және техникалық байқауы өтеді де, табылған ақауларға сол сәтте жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сәл олқылық кетсе, технологиялық процестен сәл ауытқушылық кетсе, соңы апатқа соқтыруы мүмкін. Станса қызметіндегі ынтымақты ұжым өз жұмыстарын уақыт талабы мен өзгерістеріне қарай ұйымдастырып, міндеттерін мінсіз атқарып келеді. Ұжым мүшелерінің адал еңбектері әркез өздерінің сапасымен бағаланып келеді. Станса бастығы Мереке Басановтың басшылығымен атқарылып жатқан игі бастамалар ұжымның қызметіне жауапкершілікпен қарайды. Сонымен қатар, басшының бірінші орынбасары Дархан Нығмашев, логистика жөніндегі орынбасары Рахметолла Пауеденов сынды білікті мамандар бастаған ұжымның 186 мүшесі ұйымшылдықпен еңбек етуде.

Айта кететін болсақ, жылдан-жылға теміржол қызметкерлерінің қатарын жас буын мамандар легі толықтырып отырады. Қызметкерлердің басым бөлігі ауысымдық қызметте, негізгі жұмысты атқаратындар станса, дөңес алды паркі, парк кезекшілері, пойыз құрастырушылар, вагон жылдамдығын реттеушілер, тағы басқа мамандар жеткілікті.

Станса да күніне 8-10 жолаушылар пойызы, 18-20 жүк пойызы қабылданып, жөнелтіледі. Дөңес қосыны арқылы күніне 1545 вагон сұрыпталып, 97,2 пайыз орындалған. Пойыздарды жөнелтіп, қабылдайтын станса кезекшілерімен қатар, маневр қызметінің жұмыстары станса ішінде орындалады. Жұмыс паркі жоспарда 609 вагонды құрап, орындалуы 582 вагон болып тұр. Соңғы 3 ай көлемінде атқарылған жұмыс орташа тәуліктік жүк тиеу көлемі жоспарында 3,64 вагон болса, нақты 328 вагон тиеліп, тоннамен есептегенде 335,1 тонна пайызды құрайды.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521