Тоғыз жолдың торабы тоғысқан мекен

(1 Vote)

Теміржол тасымалы ел экономикасының өркендеуіне кепіл болып келетін өндіріс саласы.

Мұнайлы өлкеміздің тарихында теміржол қозғалысының сүрлеуі заманауи тұрғыда жаңартылып, тасымал қызыметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұдайы назарда.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Мақат стансасындағы теміржол қозғалысының қалыпты қызметін ұйымдастыру, техникалық талапқа сай табанын жаңғырту теміржолшылар мерекесі қарсаңында күн тәртібіне қойылды.

Жақында жолды ауыстыру жұмыстарына «Атырау жол дистанциясы» мекемесінің Еңбек Ері Л.Шахатов атындағы №3-ші Мақат өндірістік жол телімі жаупкершілікпен атсалысты. Жол жөндеушілер 1960 жылдары табаны төселген №7,8,9 Мақат-Құлсары, Мақат-Сағыз бағыттарындағы кіріп-шығу жолдарын жаңарту мақсатымен №54 Р-50 1/9 бағыттамалы бұрманы Р-65 1/9 маркалы бұрмаға, яғни ағаш табанды брустарға бекітілген рельс жолдармен ауыстырды.

Күннің ыстығына төтеп берген теміржолшылар тәулікпен санаспай еңбек төрінде өлшеусіз тер төгуде. Айта кетер болсақ, маусым айында кешенді жөндеу жұмыстарына кіріскен дистанция қызметкерлері басты жол паркіндегі №9,26,28,46,203,206 бұрмалардың бөлшектері Р-65 1/11 маркалы, №195 айқарма бұрма(крестовины), сонымен қатар дөңес алды паркінің Р-65 1/6 бөлігінің №301,311,321,323 бағыттамалы бұрмалары жаңартылған болатын.

Атырау жол династиясының бастығы А.Жылқыбаев, орынбасары Т.Нұрбайдың ұйғарымымен қолға алынған жол жөндеу жұмысы Мақаттағы №3 өндірістік жол телімі учаскесінен қолдау тапты. Учаске бастығы С.Оразғұлов бастаған ұжымның 20 жол жөндеуші, 2 жол шебері, 2 бригадирі жұмысқа жұмылдырылса, Мақат стансасы бастығының орынбасары Н.Ермұратов, №8 вагондарды қалпына келтіру пойызының бастығы С.Кекілбаев, №9 байланыс және белгі беру дистанциясының аға механигі Б.Елемесов сынды басшылар белсенділік танытты. Сондай-ақ, МПТ-0011 жол көлігі, ДГКу -2139 жол көлігі мен №8 вагондарды қалпына келтіру пойызының ЭДК -500 жүк көтергіш краны пайдаланылды.

Теміржолшылардың сапалы еңбек нәтижесін көрсетуіне ұжымдық жұмыстың ұйытқысы бола білген №3 өндірістік жол телімі басшысының орынбасары А.Ихсанов, қауіпсіздік бас маманы Ж.Бағытов, жол технологі Қ.Бағытова, жол шеберлері: М.Сарсекбаев, И.Шахатов, К.Бекбаулиев, жол жөндеушілер: А.Садуов, М.Андағұлов, Г.Омаров, С.Жүсіпқалиев, Б.Тұрниязов, Р.Қалкенов, жол көлігі машинистері: С.Қайнарбаев, А.Қойбағаров, Т.Боздақов, А.Құлмағамбетов, К.Қазжанов, Г.Тайбеков сынды азаматтардың еңбектері зор.

Л.МЫҢБАЙҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521