Су тасқынына дайындық пысықталды

(0 Votes)
Су тасқынына дайындық пысықталды

Мақат ауданының аумағы географиялық жағынан шөлейт болып табылғанымен, (су тоғандары жоқ) апат айтып келмейді.

Облыс аумағындағы Қызылқоға ауданынан ағып өтетін Сағыз өзенінің тұйығы келеді. Сағыз өзені – көктемде су тасу кезінде ғана ағысы болады, ол сорлар мен құмдардың арасында жоғалып кетеді. Ауданға Сағыз өзенінен көктемгі су басу қаупі Бәйгетөбе ауылдық округі көлемінде 10 км жерде орналасқан балға келуі ықтимал.

Мақат ауданының аймағындағы көктемгі су тасқыны, жаңбырдың көктемгі қардың еруімен байланысты, қардың еруі салдарынан су тасқыны пайда болған уақытта жол құрылғыларының, электр тасымалдау және байланыс желілерінің бұзылу жағдайлары орын алуы мүмкін. Түскен қардың қалыңдығы мен ауа райының жағдайына қарай қардың қалай еритіндігіне болжау жасап, су тасқынының қалай болатындығын алдын-ала байқауға мүмкіндік бар.

Көктемгі су тасқынына дайындық, қауіпсіз өткізу және ықтимал шығындарды азайту бойынша іс-шаралар жоспары дайындалып, аудан әкімімен бекітілді. Жоспардағы негізгі мәселелердің бірі кенттер мен огругте су тасқынына қауіпті учаскелерде жұмылдырылатын техникаларды орналастыру және апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін күш-құралдардың топтамасын анықтау, зардап шеккен тұрғындарды уақытша орналастыру пункттерінің дайындығын қамтамасыз ету және олардың ашылуы мен жұмыс істеуі бойынша тәжірибелік жаттығулар өткізу қолға алынды.

Осы мәселе бойынша Мақат ауданы әкімінің орынбасары Б.Жайкиннің төрағалығымен арнайы жиналыс өткізіліп, тиісті тапсырмалар берілді.

М.Хасанов,

Мақат ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521