Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді
фото: www.gov.kz
(0 Votes)

Ауданда дәстүрлі «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. 

Шара жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау, сондай-ақ бала еңбегін пайдалану, баланың қадағалаусыз және панасыз қалуын болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында жүзеге асырылды.

Рейд барысында полиция бөлімінің мамандары кешкі және түнгі уақытта балалар көп шоғырланатын орындарға, ойын алаңдарына, орталық алаңдарға және өзге де қоғамдық орындарға барып рейдтік жұмыстарын жіргізді.

Сонымен қатар, шара аясында полиция бөлімінің есебіндегі жасөспірімдермен профилактикалық жұмыстар жүргізу, құқық бұзушылық жасауға бейім жастарды, кәмелетке толмағандар тобын, олардың құқық бұзушылықтар жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Б.Қасымова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521