Үш сағатта куәлік беріледі

(0 Votes)

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Гүлсара Биташева азаматтардың сауалына жауап береді.

Сұрақ: Қазіргі қолданыстағы Заңда баланың тууын тіркеу мерзімі өзгертілген бе?

Жауап: «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 бұйрығына өзгерістер енгізілді.Енді баланың тууы туралы өтінішті оның ата-анасы не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға 3 жұмыс күннен кешіктірмей беруге тиіс,ал бала өлі туған жағдайда медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті босанған кезден бастап 1 жұмыс күннен кешіктірмей береді делінген. 2017 жылдың шілде айынан бастап Атырау облысының тек Мақат ауданында ғана пилоттық жобамен баланың тууы 3 сағат уақытта тіркеліп, туу туралы куәлік берілуде.

Сұрақ: Өтінішті E-gov арқылы беруге бола ма?

Жауап: Әрине,үйде отырып «электронды үкіметтің» веб-порталы www. Egov.kz арқылы беруге болады. Ол үшін ХҚКО-нан ЭЦҚ/электронды цифрлық қолтаңба/алу керек. Сонымен қатар СМС/SMS арқылы беруге болады.

Сұрақ: Баламның әкесі басқа адаммен некеде, мен баламды әкесінің атына жаздыра алам ба?

Жауап: Әкелікті анықтауды тіркеу баланың әкесі некеде тұрған, тұрмағанына қарамай жүргізіледі. Сондықтан өзін баланың әкесімін деп санайтын адам мен баланың шешесі баланың туған жері бойынша немесе баланың ата-анасының біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға келіп, бірігіп арыз берулері қажет.

Сұрақ: Некеге неше жастан отыруға болады?

Жауап: Неке жасы Қазақстан Республикасында ер адам үшін де әйелдер үшінде 18 жас деп белгіленген.

Сұрақ: некем сот шешімімен бұзылған, неке бұзу туралы куәлік алмасам бола ма?

Жауап: Некені/ерлі-зайыптылықты/ бұзу туралы заңды күшіне енген соттың шешімі сот шешімі шығарылған жер бойынша тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуге жатады. Ерлі-зайыптылардың некенің/ерлі-зайыптылықтың/бұзылғаны туралы куәлік алғанға дейін жаңадан некеге/ерлі-зайыптылыққа/отыруға, яғни тіркелуге құқылы емес.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521