Аналардың алақаны аялы

(0 Votes)

Мүгедек балаларға деген қамқорлық – біздің мемлекетіміздің ең басты мақсаттарының бірі.

Өткен аптада Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты мүмкіндігі шектеулі аналар және ерекше балалары бар аналарға арналған кездесу кеші өтті.

Кездесуге аудандық аналар кеңесінің төрайымы Сания Телеубаева, аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Шара барысында мүмкіндігі шектеулі балаларын тастамай, бар мейірімін, шыдамдылығын сарып етіп отырған аналар әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен, балаларының сырқаттарын айтып, пікірлерін білдірді.

Кездесуде аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Г.Утешова әлеуметтік қызмет түрлерін, әлеуметтік қызметкерлер балалардың денсаулығы мен қабілетіне қарай ой-өрісінің дұрыс дамуын жақсартуға, көзқарастарын қалыптастыру және тәрбиелеу мақсатында жұмыс атқаратындығын айтып кетті. Сондай-ақ, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Р.Тайшекенова аурухана тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандар жиі қадағалауда болып, уақтылы тексерістен өтетіндігін айтып өтті.

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы C.Телеубаева ата-аналарға балалармен дұрыс сөйлесе білу, олардың әрекеттеріне шыдамдылықпен қарап, ішкі ашу-ызаны, жағымсыз қобалжуларды байқатпай, үнемі сүйіспеншілік сезіммен қамқорлық жасау жөнінде ақыл-кеңестерін берді. Шарада өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аналарды ассамблея атынан «Алғыс хатпен» марапаттап, гүл шоқтарын табыс етті.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521