Сенатор Еңсегенов заңның басым бөлігі халықтың әлеуметтік мәселесіне қатысты қабылданғанын айтты

(0 Votes)

Ауданымызға сапары кезінде Парламент Сенатының депутаты С.Еңсегенов мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары және ардагерлермен кездесуінде әлемді алаңдатқан пандемияның  Қазақстандағы салдары,  жұртшылыққа кері әсерін атап өтті.

«Кейбір азаматтар жұмысын жоғалтып, табыссыз қалды. Ойға алған жоспарларын өзгертуге мәжбүр болған сәттердің болғаны рас-ты. Бірақ, пандемияның алдын алудағы мемлекет басшысының шешімі - азаматтардың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу болды. Әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың табысын сақтау үшін де арнайы шаралар қабылданды»  деді сенатор.

img_2406

«Ең әуелі - сабыр, шыдамдылық, сақтық шарасын алу - бүгінгі күнгі қазақстандықтардың өмір салты болуы қажет».

img_2413

-2019 жылдың қыркүйегінен осы жылдың 30 маусымы аралығында сенатта 98 заң қабылданғандығына арнайы тоқталды. Оның ішінде: 2 кодекс, 2,3 конституциялық заңдар, 8 жаңа дербес заң, жаңадан 45 заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ, шетелдер мен халықаралық келісім шарттар ратификацияланып, жаңадан қабылданды.

img_2402

Әрине, бастысы, заңдардың бәрі де халықтың әлеуметтік жағдайы мен елдің экономикалық саясатына қатысты.  Заңдардың негізін Үкімет дайындап, Президент Жолдауларынан туындаған тапсырмаларды орындау барысындағы кейбір шешімдер ретінде Парламентке ұсынып, кейін жан-жақты саралаудан өткізген Сенат,-деді ол.

«МТ»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT