Ауданымызда Covid-19 вирусын жұқтырған алғашқы науқас 17 мамырда тіркелген болатын. Қазіргі уақытта ауданда коронавирус жұқтырғандар саны – 269-ға жетті.
Оның ішінде Мақат кентінен – 131, Доссор кентінен – 133, Бәйгетөбе ауылдық округінен – 5 жағдай тіркеліп отыр. Ал, жақын қатынаста болған тұрғындардың саны – 1022.
Бұл күні ауданда вирусты – 239 адам жеңіп шықты. Мақат кентінен – 114 адам және Доссор кентінен – 106 адам індеттен емделіп шықты. Сондай-ақ, қазіргі таңда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында - 2 науқас, аудандық ауруханада – 14 науқас ем қабылдап жатыр. Ал, үй карантинінде – 57 адам оқшаулануда.
Аудандық аурухананың провизорлық стационарында – 7 науқас және Доссор селолық ауруханасының провизорлық стационарында – 2 науқас дәрігерлердің бақылауында.
Ал, аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде – 5 науқас емделуде, оның ішінде ауыр халдегі науқастар жоқ.
Өкінішке орай, індет жұқтырып, қайтыс болғандардың саны – 18 адамға жетіп отыр. Оның 3-еуі коронавирустан, ал қалған 15-і пневмониядан көз жұмды.
Мақат аудандық жедел штабы
Сурет: ашық дереккөз