Бүгін аудандық Жастар ресурстық орталығында Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталығының ұйымдастыруымен «Сау жүрек, сау өмір» атты акция өтті.
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда жүрек денсаулығына мән беріп, қан қысымын бақылау әдетін қалыптастыру, аурулардың алдын алу мәдениетін насихаттау болып табылды.
Шараның алғы сөзі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аманжол Сағынғалиевке берілді. Ол өз сөзінде тұрғындар денсаулығы – қоғамның басты байлығы екенін атап өтіп, мұндай шаралардың маңызын атап өтті.
Әрі қарай Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталығы басшысының орынбасары Райхан Бисенғалиева акцияның облыс көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын жеткізді.
“Америка Жүрек” қауымдастығының алғашқы көмек нұсқаушысы, Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Айсұлу Сұлтанқызы қатысушыларға алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету мен жүрек-өкпе реанимациясы бойынша тәжірибелік жаттығулар өткізді.
Шара соңында аудан ардагерлеріне қан қысымын өлшейтін тонометрлер тарту етілді.
Г.Жұбанышқалиева,
Суреттер автордікі