«Еңбек – елдің көркі, халықтың мерейі»

«Еңбек – елдің көркі, халықтың мерейі»
(0 Votes)

Бүгін аудандық Жастар ресурстық орталығында аудандық “Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі” мен аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен тыл ардагері Қаби Талпақовтың 90 жасқа толуына арналған «Еңбек – елдің көркі, халықтың мерейі» атты кездесу кеші өтті.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы арнайы қатысып, ардагерге құрмет көрсетіп, ізгі тілегін жеткізді. Ол Қаби Қалмұхамбетұлының ел үшін сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тіледі. Сонымен қатар аудан әкімі атынан ардагерге “Ел ағасы” төсбелгі табысталып, иығына дәстүрлі құрмет белгісі ретінде шапан жабылды.

Кеш барысында ардагердің өнегелі өмір жолына арналған арнайы дайындалған бейнероликтен үзінді көрсетілді. Мерейтой иесі жиналғандармен соғыс жылдарындағы қиын кезеңдер мен өзінің жастық шағынан естен кетпес естеліктерімен бөлісті.

Шараға арнайы шақырылған қонақтар сөз алып, ардагерге жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ мерейтой иесінің иығына құрмет белгісі ретінде шапан жабылды.

Кездесу кеші аудан көркемөнерпаздарының өнеріне ұласып, ерекше әсермен аяқталды.

Ж.Қамза

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT