Бүгін азаматтарды қабылдау орталығында аудан әкімі Азамат Мәмбетов Мақат кенті тұрғындарын қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй мәселесі, көпқабатты үйлердің төбе шатырын жөндеу, жұмыспен қамту, тұрғын үйлерді жекешелендіру, “Егемен”көшесіне жол салу мәселелерін көтеріп, өтініштерін білдірді.
Қабылдау барысында аудан әкімі Азамат Саматұлы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында жауап беріп, барлығы кезең-кезеңімен шешілетіндігін айтты.
Айта кетейік, қабылдауға барлығы 26 тұрғын қатысты.
МТ