Аудан әкімі тұрғындарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

(0 Votes)

                                                                                        Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді қасиетті барша мұсылмандардың ұлық мерекесі - Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам – ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтатын, елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мереке.

Осы қасиетті күні көпшілік бір-біріне ақжарма тілек арнап, өткен реніштерін кешіріп, ел тыныштығы мен халық бірлігін, отбасының  амандығын тілейді. Жетім-жесірлерге, жоқ-жітікке қайырымдылық көрсетеді, бір-біріне ізгі тілектерін жолдап, имандылыққа шақырады.

Бес парыздың бірі – қажылықпен тұспа-тұс келетін қасиетті айт мейрамының орны ерекше. Құрбан айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.

Құрбан шалу кісіні шүкірлік пен тәубаға, аманатқа, адалдық пен сетке беріктікке шақырады. Биыл да еліміздегі ахуалға байланысты құрбан шалу онлайн форматта жүзеге асты.

Қазіргідей күрделі кезеңде, бір-бірімізге қол ұшын беріп, барымызды бөлісіп, жұртымыздың аман-саулығын ойлап, жауапкершілік танытуымыз аса маңызды.

Қадірлі ағайын!

Баршаңыздың ниет етіп шалған құрбандықтарыңыз, құлшылық еткен дұғаларыңыз бен тілектеріңіз қабыл болсын! Құрбан айт әрбір отбасына амандық, денімізге саулық, елімізге бірлік пен ынтымақ әкелсін.

Құрбан айт құтты болсын!

Құрметпен, Мақат ауданының әкімі

Шәкір КЕЙКІНҰЛЫ

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT