Сайлау науқаны бақылаушылардың жіті назарында

(0 Votes)

А.Құнанбаев атындағы орта мектебі ғимаратында орналасқан №211 сайлау учаскесінде де дауыс беру белсенді жүруде. Мұнда сағат 16:00-ге дейін 600-ден астам тұрғын дауыс беріп үлгерген.

Жалпы бұл учаскеде 1313 тұрғын дауыс береді деп күтілуде. 108 вахталық қызметтегі азаматтар мен кент аумағында орналасқан Атырау облыстық туберкулез диспансерінің 23 емделушісіне көшпелі жәшіктер жеткізілді.

8a9a5572-8ff3-4b85-a09c-2b4bc8b02d96

Мұнда сайлаудың әділ өтуінің барысын қадағалаушы бақылаушылар да толық құрамда отырғаны бірден байқалады.

Мұнда «Азаматтық альянс» қауымдастығы, «Сұлтан» қоғамдық бірлестігі, Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы, «Замануай» қоғамдық қоры, «Жәрдем» Атырау корпоративтік қоры, «Азаматтық» қоғамдық қоры және сайлауға түсіп жатқан 5 партияның атынан 14 бақылаушы сайлаудың заңға сәйкес өтуін қатаң бақылауда.

d7626978-2f6a-40f5-894a-0a38b8ca353f

Бюллетень алу процесі, жасырын кабинада таңдау жасау, урналарға салу бақылаушылардың жіті назарында.

«Біздің жалпы жұмысымыз сайлаудың арнайы ережесі бұзылмауын, халықтың өзінің еркін дауыс беруін қадағалау. Қазіргі уақытта байқауымыз бойынша ешқандай өрескел қателіктер кетіп жатқан жоқ. Әр азамат өзінше еркін түрде дауыс беріп жатыр»,- дейді Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы атынан бақылаушы Алтынгүл Есемғалиева.

М.Серікқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT