САҒЫЗ ӨЗЕНІНЕН КЕЛЕР ҚАУІП БАҚЫЛАУДА

САҒЫЗ ӨЗЕНІНЕН КЕЛЕР ҚАУІП БАҚЫЛАУДА
(0 Votes)

Сәрсенбі күні аудан әкімі Ринат Ибрагимов көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында жиын өткізді.

Жиында аудан әкімі Сағыз өзені арқылы келіп жатқан судың көлемін және оның елді мекендер мен бекеттерге және шаруақожалық иелерінің тұрғын үй-жайларына қауіп төндірмеуін бақылауда ұстау қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, су басу қаупі бар аймақтарға бөгет соғу жұмыстарын жеделдетіп аяқтауды тапсырып, осы бағыттағы жұмыстарға жергілікті жердегі компаниялар қажетті арнайы техникалармен көмектесу керек екендігін де атап өтті.

Айта кетейік, жалпы қазіргі таңда Сағыз өзені арқылы келіп жатқан судан ауданның елді мекендеріне әзірге қауіп жоқ.

Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT