Сақтанған сау жүреді

(0 Votes)

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы Қазақстан Республикасындағы көшбасшы партия ғана емес, нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шығып келеді.

Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауларында да «Нұр Отан» партиясының жұмысына басымдық беріп, қоғам тынысындағы күрмеуі қиын мәселелерге партияның араласуына жол ашып келеді.

Еліміз егемендік алып, еңсесін тіктегеннен кейінгі мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулардың нәтижесінде «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы да, аудандық мәслихаты халықпен етене араласып, азаматтардың талап-тілектерін, шағымдары мен мұң-мұқтаждарын дер кезінде ескеріп, көптеген мәселелердің түйінін тарқатып, көкейдегі сауалдарға орнықты жауап қайтара алатын дәрежеге жетті. Мәслихат депутаттарынан құрылған депутаттық фракция өз жұмысын белсенді атқаруда.

Өткен аптада партияның аудандық филиалында депутаттық фракцияның жиналысы болып өтті. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Исмағұлов, депутаттық фракция мүшелері қатысты.

Отырыста Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалысы туралы және фракцияның жылдық медиа-жоспарын талқылау мәселелері енгізілді.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521